Құрметті басшы!
Тұңғыш Президент Қорының «El Umiti» жобасының «Денсаулық сақтау» саласында 2020 жылы орындалған бастамасы аясында құрылған «Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі осы хатпен Сізді, және өзіңізге қарасты медициналық ұйымдардың басшыларын ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА шақырады:
күні: 23 қазан, 2021 жыл;
мекен-жайы: Т.Шарманов Даңқ залы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, 1 оқу корпусы (ректорат ғимараты), 2 қабат; Төле би көшесі 94, Алматы қаласы;
уақыты: сағат 10:00-16:00 (тіркелу 9:00-дан бастап);
қатысу: 20 000 теңге; ассоциация мүшелеріне қатысу тегін. Іссапар шығындары негізгі жұмыс орнынан.
Форум қатысушыларына 8 академиялық сағат көлемінде «денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі (келіп қатысушыларға); Ассоциация тарапынан кофе-брейктер мен түскі ас; онлайн трансляция қарастырылған.
Форумның өткізілуі жұмыс аптасынан тыс демалыс күнінде (сенбі) өткізілуін, және көшбасшылық пен денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша біліктілікті арттыру мен пайдалы қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін ескере отырып, іссапарға сізге қарасты ұйымдардың жартысынан кем емес басшыларын жіберуіңізді өтінеміз.
Қатысу және мүше болу сұрақтары бойынша келесілерге хабарласыңыз:
Гүлнұр Арзанбекова, +7 (701) 130-55-66 (офис-менеджер);
Айнұр Айыпханова, +7 (702) 337-16-57 (атқарушы директор),
Эл.пошта: info@healthmanager.kz
Бағдарлама қосымшада берілген.